Сыбайлас жемқорлық қауіптерін талдау

 «КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай қаласы білім бөлімінің
«№9 бөбекжайы» КМҚК директоры
_________ Уралбаева А.Е.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқарммасының  «Қостанай қаласы білім бөлімінің « №9 бөбекжайы» КМҚК» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
талдамалық анықтама

Қостанай қ. 14.01.2022 жыл
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№9 бөбекжайы» КМҚК директорының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы»  14.01.2022 жылғы №3 бұйрығы негізінде 2021 жылғы 01 шілде мен 2021 жылғы 31 желтоқсан  аралығында «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№9 бөбекжайы» КМҚК (бұдан әрі – Мектепке дейінгі ұйым) қызметінде 2021 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
         «Персоналды басқару»
Мектепке дейінгі ұйымда қызметкерлердің тізімдік саны 66 адамды құрайды,  оның ішінде - 11 қоса атқарушы, 3 қызметкер декреттік демалыста.  Ағымдағы жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша нақты саны – 66 адам.  Бүгінгі күні әдіскер, еден тазалаушы, логопед, тәрбиешінің көмекшісі лауазымдарына бос орындар бар.
Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің сапалық құрамын талдай отырып, орташа жасы 46 жасты құрайтынын атап өткен жөн. Зейнеткерлік жастағы қызметкерлер 7 адам, зейнеткерлік жас алдындағы қызметкерлер 1.  Ұлттық құрамы бойынша 31,0% - қазақ, 60% - орыс, 1,5% - украин, 6,5% - басқа ұлт өкілдері.
2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша 12 қызметкер өз еркімен жұмыстан шығарылды  (зейнеткерлікке шығу – 3, басқа жұмысқа ауысу -3), 12 қызметкер жұмысқа қабылданды. Қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды ресімдеу еңбек заңнамасына, мектепке дейінгі ұйым директорының ережелеріне, нұсқаулықтарына және бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.
2021 жылдың 2 жартыжылдығы бойынша тәртіптік тәжірибені талдай отырып, мектепке дейінгі ұйымның 1 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтеміз:
  • мемлекеттік сатып алу туралы заңның бұзылуы (ҚР ЕК 64 бабының 1 т. 1 тт.)
Мектепке дейінгі ұйымда мүдделер қақтығысы жоқ.
№9 бөбекжай-балабақшасының  жұмыс барысында күнделікті қолданыстағы нормативтік  құжаттар: ҚР «Білім туралы заңы», ҚР Еңбек кодексі, педагогтың этикасы туралы кодексі, ҚР «Жемқорлыққа қарсы заңы», ҚР Жемқорлыққа қарсы стандарты, мектепке дейінгі мекемелердің типтік ережесі, ҚР нормативтік актілері, білім және ғылым министрлигінің, білім басқармасы департаментінің, қалалық білім бөлімінің  бұйрықтары, №9 бөбекжай-бақшасының жарғысы, №9 бөбекжай-бақшасының жемқорыққа қарсы стандарты, педагогикалық қызметкерлерінің аттестациялау ережесі, мектепке дейінгі мекемелерде  мемлекеттік қызмет көрсету ережесі.
          «Мемлекеттік қызметтерді көрсету»
Мектепке дейінгі ұйым 2 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
  • Педагогикалық кадрларды аттестаттау;
  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
Қазіргі уақытта «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№9 бөбекжайы» КМҚК келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау».
2021 ж. 2 жартыжылдығы бойынша 98 мемлекеттік қызмет көрсетілді: («Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»). Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және шағымдар жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі мектепке дейінгі ұйым директорының тұрақты бақылауында тұр.
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ата-аналар үшін ақпарат мектепке дейінгі ұйымның бірінші қабатындағы стендте халыққа қолжетімді жерде орналастырылған. «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
Педагогтарды аттестаттау кесте бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымда педагогтарды аттестаттаудың 5 жылға арналған жоспары бекітілді.
Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің 2021 ж. қыркүйектегі жұмыс жоспарына сәйкес Кеңес отырысында келесі мәселелер қаралды: МДҰ педагогикалық әдептің сақталуын бақылау, МДҰ еңбек тәртібін орындау, еңбекті ұйымдастырудың тиімділігі, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану; 2021 ж. желтоқсан айында – 2020-2021 ж.ж. медиа жоспардың нәтижелілігін анықтау.
2021 ж. 21 шілдеде мектепке дейінгі ұйымның директоры Қостанай қаласының Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым басшыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курстан өтті.
Оқу жылының басында педагогикалық ұжым педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларының өзгерістерімен таныстырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында (http://detsad9.kz/)  мектепке дейінгі ұйымның сайтында кіші бөлімдерді қамтитын  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі құрылды:
          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт:
нормативтік-құқықтық құжаттар: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты, Әдеп кодексін бекіту туралы бұйрық,
  • Мектепке дейінгі ұйымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты,
  • Мектепке дейінгі ұйымның әдеп кодексі,
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық,
  • Жартыжылдық бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы аналитикалық анықтама,
  • 03.2021 ж. №11 комплаенс – қызметті жүзеге асыруға жауапты тұлғаны тағайындау туралы бұйрық,
  • 2020-2021 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары.
         Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымның сайтында жылына 1 рет тамақ өнімдерін сатып алуға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылады, өнім берушілермен жасалған шарттар туралы ақпарат тоқсан сайын жаңартылып отырады.
          «Рұқсат беру функцияларын іске асыру»
Мектепке дейінгі ұйым рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
        «Бақылау функцияларын іске асыру»
Мектепке дейінгі ұйым бақылау функцияларын іске асырмайды.
       «Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер»
2021 қаржы жылының екінші жартыжылдығында ішкі шығыстар (жалақы, демалыс, еңбекке жарамсыздық төлемдерін төлеу) бойынша бұзушылықтарға жол берілмеді. Мемлекеттік сатып алулар заңнамаға қатаң сәйкестікте: бір көзден алу тәсілімен және баға ұсыныстарын сұратумен жүргізілді. Екінші жартыжылдықта портал бойынша 14 шарт, тамақтану бойынша 1 шарт жасалды.  Порталда шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтығына бағытталған басқа да бірқатар нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді. ТЖҚ порталдан тыс сатып алу жүзеге асырылған жоқ. Мектепке дейінгі ұйымда қосымша ақылы білім беру қызметтері іске асырылады. Ақылы қызмет түрлерінен түсетін табыс 1 669 000 теңгені құрайды.
Жыл -2021
Деректер түрі-болжам
Функционалдық топ-4
Бағдарлама әкімшісі-261
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламасы -081
Ерекшелік-159
Өзге де жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу
Жобалық қуаты бойынша балалар саны-270
Нақты қуаты бойынша балалар саны-270
Бөлінген шығыстар сомасы - 11363,0
Оның ішінде:
Жалақы - 14232,0
Мед.сақтандыру – 408,0
Әлеуметтік салық – 137,0
Коммуналдық қызметтер-16108,0
Ғимараттарды күтіп ұстау, қызмет көрсету-763,0
Мемлекеттік сатып алулар ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес жүргізіледі.
2021 жылдың 01 шілдесі мен 31 желтоқсан кезеңі аралығында келесі жұмыстар жүргізілді:
конкурс тәсілімен – 1
ашық конкурс – 1
бір көзден алу тәсілімен – 14
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарды камералдық бақылаумен 1 бұзушылық анықталды (ет сатып алу бөлігінде, балл қою бойынша жеткізушілермен даулы мәселе, есепші Алексеенко Т.П. ескерту түрінде жаза алды).
          «Мектепке дейінгі ұйымның ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер»
2021 ж. 2 жартыжылдығында заңды тұлғалардан 0 өтініш және жеке тұлғалардан баланы мектепке дейінгі ұйымнан шығаруға 19 өтініш түсті.  Өтініштер мерзімдерге сәйкес қанағаттандырылды, бұзушылықтар жоқ.
          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша жұмыс тобы келесі ұсыныстар жасады:
  1. Комплаенс-қызметтердің функцияларын жүзеге асыруға жауапты Токумбаева Ш.Ж. квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес қызметті жүзеге асыру.
  2. Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл Евмушкова И.В. «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 бөбекжай – бақшасы» МКҚК баспа басылымдарында немесе ресми интернет-ресурсында орналастыра отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді жалғастыру.
  3. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы №254 «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындылары «Қостанай қаласы әкімдігінің №9 бөбекжай – бақшасы»МКҚК ресми сайтына Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөліміне орналастырылсын.
Жұмыс тобының төрайымы                                  Керлин И.В.
 Жұмыс тобының мүшелерімен келісілді:          Итемгенова С.Т.                                                                                      Евмушкова И.В.                                                                                 
Хатшы:                                                                     Асылбекова Г.Т.