Қазақстан халықтарының бірлігі күні – бұл еліміздің аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігі мерекесі. 1 мамыр қарсаңында балабақшада тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары арасында аспаздық челлендж өтті. Балалар мен ата-аналар әртүрлі ұлттардың тағамдарын дайындауда өз шеберліктерін көрсетті.