1 маусым-балалық және жақсылық мерекесі

1 маусым – жаздың алғашқы күні. Бүкіл әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтуде.

Біздің балабақша да шетте қалған жоқ. Бұл күні біздің тәрбиеленушілеріміз үшін педагогтар мерекелік атмосфера құрды: учаскелер шарлармен және түрлі-түсті жалаулармен безендірілді, көңілді музыка ойнады.

Балалардың қатысуымен «Жазға саяхат» атты квест – ойыны қызықты өтті, олар жұмбақтар шешті, түрлі тапсырмалар орындады, ойындар ойнады, өздерінің батылдықтарын, ептіліктерін, ұстамдылықтарын көрсете отырып жарысты.

Бұл мерекенің жақсы дәстүрі «Балалық шақ әлемі» деп аталатын асфальтта сурет салу байқауы болды. Барлық балалар осы байқауға қатысып, өз шығармашылығы мен қиялын көрсетті.

Мереке бойы қуаныш, көңіл және күлкі тиылған жоқ. Тәрбиеленушілер сергектік пен жақсы көңіл-күйге бөленді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған