Дамытушы ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану.

Баланың мектептегі оқу бағдарламасын жете меңгеруі үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар оған бір ізді, айғақты ойлау, аңғара білу, ақылмен зерделеу де қажет. Бала сабақта болмасын, не күнделікті өмірде ойындық мақсаттарға қол жеткізгенде аса жоғары ойлау белсенділігін дамытады.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Баланың ойынға деген қажеттілігі мектепте оқып жүрген алғашқы жылдарда да сақталып қалады әрі маңызды орын алады.

Мектепке дейінгі кезеңдегі бала тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көз қарас қалыптастыруда түрлі қырдан дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауық шараларына көп мән беріледі. Ойын балалар үшін қызықты әрі олардың көңіл-күйін жаулап алады. Ал мақсатқа қол жеткізу тапсырмаға қызығушылыққа негізделген жауапты табу ойлаудың белсенділігінсіз мүмкін емес. Ойындар мен жаттығулар барысында балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Дамытушы ойындарды қолдану арқылы неғұрлым мықты білім мен біліктілікті арттыруға қол жеткізуге болады. Сондықтан да біз өз жұмысымызда дамытушы ойындарға басты мән береміз. Оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған ойындардың барлығы бірдей дерлік қоршаған ортаға қызмет ететін оған таныс,  жақын, бала санасын оятатын, оның танымдық қызметін жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді.

Онда айшықты әдемі дидактикалық материал, баланы қоршаған айналадағы заттар бейнеленуі тиіс. Ойыншықтардың, суреттердің пайдалануына қажет екендігіне көз жеткізілді. Мұндай ойындар баланы қызықтырады, қызығушылығын оятады. Дидактикалық материалдар, іріктеу бағдарламалық талаптарға сүйене отырып жүргізіледі. Балалардың ойынға қатысу ерекшілігі, қызығушылығы, мүмкіндігі ескеріледі. Баланы бәрінен бұрын өте айшықтылығымен , алуан түрлілігімен танытатын дидактикалық материалдар немесе ойыншықтары бар ойын қимылдары қызықтырады. Мысалы: «Биіктігі бойынша орналастыр» (дидактикалық материал-матрешка қуыршағы, ашық түсті ойыншықтар), «Сандыққа не жасырылған» (дидактикалық материал-геометриалық фигуралар немесе денелер) және т.б. Кездейсоқтық немесе атын атау элементтері бар ойындар баланың аса қызығушылығын тудыралы, мысалы: «Не өзгерді?», «Санақ бойынша қайсысы?», «Сыйқырлы таяқша көрсет!», «Бұл туралы қалай айтуға болады?» және т.б. Ересек оқушыларды ойынның нәтижесі қызықтырады. Басында оларды жекежеңіске жетсем, жеңімпаз болсам деген үміт жетелейді. Кейін қызығушылық арта түседі, бала өзінің жеке табысымен жеңілістерін ғана емес, өзінің жолдастарының, өз табысының жеңіс, жеңілістерін електен өткізеді. Мысалы: ойындар «Кім анық және тез?», «Кім тез сөзжұмбақты шешеді?».

Ойындарды іріктегенде шешімі қиын ойындардан кейін тапсырмасы одан жеңілдеу ойындардын болғанын ескерген дұрыс. Іріктеу кезінде баланың өзіндік жеке дара қасиетін тәрбиелейтін ойындарға көп көңіл бөлінеді.

Балаларды ойын арқылы оқыту, дамытушы ойын түрлерін сабақтарда тиімді қолданудан тиісті қорытынды шығаруға болады: Біздің байқағанымыздай балалар түсіндіріп отырған тақырыпты аса зор ілтипатпен меңгереді.

Көп жағдайда, сабақтарда Триз элементтерін қолдануға болады: «Жақсы-жаман» ойыны. Ойлауға үйрету дегеніміз диалектикалық қарама-қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты шындылықты тануға үйрету деген сөз. Қарама-қайшылық ой дамуының қозғаушы күші. Қорыта келгенде, проблемалық сұрақтар, проблемалық жағдаят тудырып, проблеманы шешуді талап етеді.

Мысалы. «Көлік» тақырыбына арналған «Жақсы-жаман» деп аталатын ойынды мына төмендегідей сұрақ- жауап түрінде өткізуге болады.

  • Көлік болғаны жақсы ма, неге?
  • Тез балабақшаға жетуге болады.
  • Суықтан, жаңбырдан сақтануға болады.

Ал көлік несімен жаман.

  • Басып кетуі мүмкін
  • Қаланың ауасын бүлдіреді.
  • Көлікті ұрлап, айтуы мүмкін

Осылай сұрақ-жауап арқылы балалардың көлік туралы ұғымдары қалыптасады. Ал «Бином фантазиясы» деген ойын, балаларды сөйлем құрастыруға шақырады. Әдемі қораптан бала кез-келген екі суретті таңдап алады. Осы екі суретті кірістіріп, сөйлем құрастырады. Бұл ойын баланың ой қиялын дамытады, сөздік қорын байытады.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *