#ЯРастуВНезависимомКазахстане

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне» арналған «Халық – өнер көзі» тақырыптық апталығы аясында «№9 бөбекжай–бақшасы» МКҚК келесі  іс – шаралар өтті:

  • «Музыкалық ел-бұл менің халқым және мен» атты тақырыптық ҰОҚ
  • «Абай жайында әңгімелесейік» әңгімесі
  • «Менің туым!», «Менің Елтаңбам!», «Менің Әнұраным!» атты ҰОҚ
  • «Менің астанам – Нұр-Сұлтан» атты виртуалды саяхат
  • «Тәуелсіздік ел –тұғыры» атты өптілді мәнерлеп оқудың интерактивті кеші
  • «Алға Қазақстан!» флешмобы

Олардың мақсаты – тәрбиеленушілердің бойында өз жеріне, қаласына, кіші Отанына деген сүйіспеншілігі арқылы адамгершілік қағидатын қалыптастыру болды.

Өткізілген іс-шаралар барысында балалар еліміздің түкпір-түкпірінде болып, халқымыздың көрікті жерлерімен, салт-дәстүрлерімен танысты.

«Менің астанам – Нұр-Сұлтан» виртуалды экскурсиясы кезінде балалар еліміздің бас қаласымен танысып, қаланың сәулетін көріп, Бәйтерек, презедент алаңы, президент мұражайын тамашалады.

«Тәуелсіздік ел-тұғыры» атты көптілді мәнерлеп оқудың интерактивті кешінде белгілі ақындардың өз Отаны туралы өлеңдері оқылды.

Ұлттық ойындар ойнап, әндер шырқады.

МДҰ холында «Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» атты балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды».

Жұмыс барысында балалар мен ата-аналар Туған жерге деген бар сүйіспеншілігін білдіріп, көрсете алды.

 Тақырыптық аптаның соңында «Алға Қазақстан!» флешмобы өтті.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған