Тәрбиеленушілердің өз құқықтары туралы білімдерін, олардың тұлғалық дамуы, бастамалары, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында, 2020 ж. 20 қарашасында «№9 бөбекжай – бақшасы» МКҚК «Дүниежүзілік бала күніне» арналған іс-шаралар өтті.
Мұғалімдер, АКТ қолдана отырып, балалармен «Бала құқықтары туралы» әңгімелер өткізді. Тәрбиеленушілермен «Досыңа күлкі сыйла» акциясын, «Заманауи өнер мұражайында» – «Жарқын алақандар» атты шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды.
Мектепке дейінгі ұйымда «Балалық шақ елі» фестивалі интерактивті түрде ұйымдастырылды. Педагог-психолог ата-аналармен «Біз балаларға не үйретеміз, олар бізге не үйретеді?» атты бейне кеңес өткізді.