«Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» атты тақырыптық апталық

«Гүлдене бер, менің Қазақстаным» – Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық апталық осылай аталған болатын.

Тақырыптық апталықтың мақсаты: ұлттық – мәдени дәстүрлер негізінде балалардың адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыру; қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасына, ұлтаралық қатынастар мәдениетіне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

«Бауырсақ party» акциясы қызықты өтті. Балаларға қазақ мақал – мәтелін немесе өлең айту ұсынылды, орнына тағам алмасу-бауырсақ берілді. Акцияның мақсаты: қазақтың ұлттық тағамдарын жаңғырту және дәріптеу.

Ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілері «Ханталапай» атты қалалық балалар байқауына қатысты. «Ханталапай» ойыны балалардың логикалық ойлауын, қырағылығы мен зейінін дамытады. Осы қызықты ойынды ойнай отырып, тәрбиеленушілер қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысты.

«Қазақстан – сен менің жүрегімдеcің!» атты оқырмандар сайысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Балалар мен ата – аналар «Этно – Style» фото-челленджінде Қазақстанның түрлі халықтарының ұлттық костюмдерімен танысты.

Тақырыптық аптаның қорытындысы  – мектепке дейінгі ұйымның барлық жас топтарында «Біз Наурызды қарсы алудамыз!» атты біріктірілген ҰОҚ жүргізу болды.

Балалар қазақ тілінде ән айтып, өлеңдер оқыды, түрлі халықтардың билерін биледі, қазақтың ұлттық ойындарын «Шанырақ»,  «Байға», «Киіз үй», «Теге жинау» ойнады,  «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Шашу» сынды қазақ салт-дәстүрлерін өткізуге қатысты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған