«Жас фотограф» байқауы

18-25 қазан аралығында балабақша қабырғасында «Жас фотограф» байқауы өтті, оның мақсаты тәрбиеленушілердің техникалық шығармашылығын дамыту, балалардың рухани мәдениеті мен эстетикалық талғамын тәрбиелеу, сондай-ақ өз қаласы үшін патриоттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу болды.

Байқауға тек жоғары топ пен МДТ балалары ғана емес, сонымен қатар МДҰ кіші тәрбиеленушілерінің ата – аналары да белсенді қатысты, бақша холлында «Қостанай қаласы-Менің Отаным» деп аталатын көрме безендірілді. Көрмеге көптеген жұмыстар ұсынылды. Балалар мен ата-аналардың жұмыстарында қаламыздың барлық сұлулығы мен күзгі уақыттың әсемдігі берілген. Фотокөрме балалардың, тәрбиешілердің, ата-аналардың ғана емес, сондай-ақ балабақша қонақтарының да назарын аудартты.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған