Анам, аяулы Анашым!

8 наурыз-әйелдер күні. Барлық балалар жақсы көретін және тағатсыздана күтетін мереке, бұл күнде олар сүйікті аналарын, әжелерін, әпкелерін құттықтауға асық.

Мектепке дейінгі ұйымда «Анам, аяулы Анашым!» атты  тақырыптық апталық өтті. Педагогтар ұйымдастырылған оқу қызметі аясында аналар мен әжелерге құттықтаулар ұйымдастырды, онда тәрбиеленушілер өлеңдер айтып, ән айтып, би биледі, ойындар ойнады және конкурстарға қатысты.

Тәрбиеленушілердің аналарын,  әжелері мен апа-қарындастарын 8 наурыз әйелдер мерекесімен құттықтау мақсатында мектепке дейінгі ұйымда ата-аналармен бірлесе жаалған «Әйелдер күнімен кұттықтаймыз!» атты челлендж іске қосылды.

Сонымен қатар «Тілектер қорабы» акциясы ұйымдастырылды.

Таңертең аналардың әрқайсысын тосын сый күтіп тұрды.

Мұғалімдер аналарға жақсы көңіл-күй, сәттілік, өзіндік бірегейлігіне деген сенімді сақтауға бағытталған, аффирмациялар дайындаған болатын. «Тілектер қорабы» атты эстетикалық безендірілген тосынсыйлар аналарға әдемі әуеннің сүйемелдеуімен берілді.

Аналар акцияға қатысып, оң эмоциялар мен көңіл бөлгендері үшін өз алғыстарын білдірді.

Ата-аналар балалардың құттықтауларын ата-аналар чаттарында көре алды.  Олар педагогтарға көңіл бөліп, шығармашылық құттықтаулары үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған