Мектепке даярлық сыныптарында қашықтықта оқыту

Макатова Валентина Владимировна
г.Костанай  «№ 9 бөбекжай-бақшасы» тәрбиеші

К.Д. Ушински баланың қоршаған әлемі туралы білімінің ерекшеліктерін сипаттай отырып, бала формалар мен түстерді, дыбыстарды сезімдері арқылы  ойлайтынын атап өтті. Бұл оқу процесінің тағы бір ерекшелігін анықтайды – ол объектілер мен құбылыстардың қасиеттерін балалардың тікелей қабылдауы негізінде құрылуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалар көрнекі, бейнелі идеялармен жұмыс істейді. Яғни,оларды оқыту негізі міндетті түрде көрнекі болуы керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға ерекше назар аудару нәтижелі жұмыстың жемісін береді.

Мұғалім балалар мен болашақ ұрпақтың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін біртіндеп игеріп, ғылым негіздерін меңгеруге бағытталуы керек. Сонда ғана мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілер балаларды тек оқу іс-әрекетіне бағыттап қана қоймай, олардың оқуға деген қабілетін  арттырып білім биігіне жетелейді. Ең әуелі, мектепке даярлық сыныбына баратын балаларға айрықша көңіл бөлу керек. Даярлық сыныбының шәкірттері әрмен қарай бірінші сыныптың бағдарламасын оңай түсініп, озат оқуы үшін біртіндеп ауысуды қамтамасыз ету  және одан әрі оқушының ой-қабілетінің  дамуы жолында  қажетті кешенді қағида қалыптастыру қажет.

Кәсіби дайындық бойынша іс-шараларға қатысу арқылы әр тәрбиеші , педагогикалық процесті, оның ішінде қашықтықтан оқыту жағдайында сәтті жүзеге асыру үшін қажетті құзіреттіліктерді үнемі дамытып отыруы тиіс.Қашықтықтан оқыту – бұл білім берудің балама түрі, оның аясында қашықтан қарым-қатынастың түрлі құралдары арқылы білім беру барысын сәтті сабақтау  қамтамасыз етіледі.

Біз ата-аналарға  қол жетімділігінің болуын ескере отырып, оқу процесінде балалармен және олардың ата-аналарымен қашықтықтан қарым-қатынас құралдарын (E-mail, WhatsApp) жүйелірін анықтадық.

Күн сайын бекітілген тақырыптық жұмыс жоспарына сәйкес оқыту қызметінің мазмұнын әзірледік.

Ата-аналарға insot және Screencast-O-Matic бағдарламаларында оқыту және дамыту бейнероликтері түрінде, өтпелі тақырыптарға сәйкес балалармен жұмыс істеудің әр түрлі және тиімді әдістері мен тәсілдері ұсынылды.

Баланың танымдық дамуы үшін логикалық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмалар, қолдың ұсақ моторикасына арналған жеке тапсырмалар, өлеңдерді жаттау, ертегілерді оқу, суреттерді қарау, ән айту, ойындар, қозғалыс жаттығулары, қарапайым есептер мен мысалдарды шешу, оқу, динамикалық жаттығулар және  саусақ гимнастикасы берілді.

Шығармашылық дағдыларды дамыту үшін бейнероликтер ұсынылды, ұсынылған бейнероликтерде сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру, музыкалық-ырғақтық қозғалыстар бойынша жұмыстарды орындау процесі егжей-тегжейлі көрсетілген.

Мектепке даярлық сыныбының балалары компьютер алдында  15-20 минуттан артық емес уақыт өткізді, қалған уақытта олар біз немесе ата – аналар ұсынған дидактикалық, сюжеттік-рөлдік және үстел ойындарын ойнады.

Біз компьютерді ҚМҰҚ, сауат ашу, экология, жаратылыстану және тілдерді меңгеру, білімді тереңдету және кеңейту үшін қолдандық.

Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ-ойындар қоршаған әлеммен  өзара әрекеттесіп, баланың дамып оқытылуы да әртүрлі материалдармен қамтамасыз етілді.

Сондықтан ата-аналар балаларымен азды, сөйлесті, иллюстрациялар мен мультфильмдерді, бейнероликтерді көрді, сонымен қатар бейнелеу қызметі, шаруашылық және тұрмыстық еңбек, табиғаттағы еңбек, үй жануарларын күту және т. б. секілді өнімді қызмет түрлерімен айналысты,   Әрине, мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және физикалық белсенділігі таңертең жоғары болады, сондықтан табандылық пен зейіннің тұрақтылығын шоғырландыруды қажет ететін күрделі іс-шаралар мен жаттығулар таңертең өткізіледі, себебі таңертең балалар тапсырманы зор құлшыныспен, қуана-қуана орындайды.

Балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда ата-аналармен қашықтықтан кеңес жүргізіліп  ұсыныстар ұсынылды.

Болмысына сай  бала кішкентай зерттеуші.Ол белсенді дамып, әлемді таниды. Қоршаған ортаны,қоғамды зерттейді. Өкінішіке орай көбінесе ата-аналар баланы дамыту жолдарын біле бермейді. Сондықтан оны теледидар немесе компьютердің жанында жалғыз қалдырады.

Ал,қашықтықтан оқыту ата-аналарға  үйдегі баланың сабағын сауатты орындауға, оқу процесін тиімді  ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы қызықты әрі мазмұнды болады.

Бұл балалардың жалығуынан және үйде пайдалы уақыт өткізуіне, оған жақын адамдардан көбірек көңіл бөлуі, ынталы ықыласпен қарым-қатынас жасауға жол ашады.Ата-аналар болса, өз балаларының мүдделері, қажеттіліктері, тілектері мен қабілеттерін тереңірек білуге талпынады. Ата-аналар қуана-қуана фотоесептер мен балалар жұмыстарының фотосуреттерін, орындалған тапсырмалары бар карточкаларды жіберіп отырды. Бүгінгі таңда ата – аналарға балалардың болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі, отбасында әркім баланы естіп тыңдай білуі, оның бірегейлігі мен қадір-қасиетін құрметтеуі маңызды.Өйткені баланың жақын адамдармен етене араласуы,сүйіспеншілік пен қарым-қатынасқа деген қажеттілігін өтеу –  әр баланың дамуының алғы шарттары.

Макатова Валентина Владимировна
г.Костанай  «№ 9 бөбекжай-бақшасы» тәрбиеші

 «Қашықтықтан оқыту»

Елімізде ТЖ режимі енгізілгеннен кейін біздің балабақша қаланың басқа мектепке дейінгі ұйымдары сияқты біраз уақыт жұмыс істеді. Бірақ жағдай бізге де, көптеген елдердегідей өзін-өзі оқшаулайтын уақыт келді.

Өзін – өзі оқшаулау-қайғыруға және  мұңайуға себеп емес!

Балалармен үйде немен айналысуға болады?  Бұл сұрақ барлық ата-аналарды алаңдатады. Теледидар экранында ұзақ уақыт отырып, компьютерлік ойындар ойнауға, мультфильмдерді көруге болмайды. Дамытушылық, қызықты тапсырмалар мен жанды, көңілді ойындар ғана қалады. Біз, тәрбиешілер: баланы осы «ұзаққа созылған демалыс күндері»қалай ұйымдастыруға болатынын өзімізден сұрадық. Балалардың ата-аналарымен мүмкіндігінше сөйлесіп, көңіл көтеріп, дамуын қамтамасыз ету үшін күнді қалай жоспарлау керек?

Мектеп жасына дейінгі баланың, мектеп оқушысынан айырмашылығы, олардың іс-әрекетін ұйымдастыруға көмектесу керек.

Әріптестермен біз балаларымызға арналған ұсыныстар мен тапсырмаларды ойластырдық.

Пән мұғалімдері өз ұсыныстарын жасады: қазақ және ағылшын тілдерінің мұғалімдері – өлеңдер, тақырыптар бойынша сөздер дайындады, спорт нұсқаушысы бейнелер мен музыкалық жаттығулар дайындады, музыка жетекшісі сөздерді дайындады және музыканы жинады; барлығы осы мәселеге жауапкершілікпен қарады.

Ата-аналарға ұсынылатын міндеттер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің типтік бағдарламасына сәйкес келеді және оларды білім беру саласы бойынша бөледі.

Сонымен қатар, материалды таңдау кезінде біз оқу жылына жоспарланған тақырыптық апталарды ескереміз.

Тапсырмаларға сәйкес суреттерді таңдауға тырысамыз (суреттер, диаграммалар, презентациялар, жеке жұмыстарға арналған карталар, музыка).

Ата-аналар  бұл жағдайға жанашырлықпен қарады, өткізіліп жатқан оқу процесіне белсенді қатысты және балаларының жетістіктерімен бөлісті.

Біз балаларымыздың ата-аналарына күндізгі үйдегі баланың күнделікті іс-әрекеті мектепке дейінгі ұйымдағы күнделікті өмірден өзгеше болатындай етіп ұйымдастыруға кеңес береміз.

Біздің елімізде, бүкіл әлемдегі сияқты, төтенше жағдай жақында аяқталады және балалар балабақшадағы әдеттегі өміріне оралады деп үміттенеміз. Өзіңізге және жақындарыңызға  қамқорлық жасаңыз!

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған